Меню KDT
МЕНЮ

 Новости 

ЕНТ-2019: Министрдің қатысуымен болған баспасөз мәслихаты


https://www.facebook.com/edugovrk/videos/354688851901860/?v=354688851901860



Министр Асхат Аймағамбетов талапкерлерге сәттілік тілеп, ҰТБ тапсыру барысында тек өз күшіне сену керек екенін айтты

Бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтіп, басшы алдағы ҰТБ жайлы журналистердің сұрақтарына жауап берді. 

 Министр талапкерлерге сәттілік тіледі. «ҰБТ – маңызды сынақ. Он бір жылдық білімнің сыналар тұсы. Ең бастысы қатты уайымдамаңыздар. Сіздер бұған дейін тест тапсырғансыздар, мектепте білім алдыңыздар. Тест алдында жақсылап ұйқыны қандырып, сынақ тапсырарда ойды басқаға бұрып, қобалжуды басу керек», – деді ол талапкерлерге.

 Сондай-ақ министр телефон алып кіру мен дұрыс жауап көшіру керісінше баланы алаңдататынын, ол алып кірген дүниелерді қалай пайдалануды ойлап мазасы қашып, уақыт жоғалтып алатынын айтты.

 «Адам тек өз күшіне сену керек. Өз басымнан да өткен. Бағдарлама бойынша дайындалу керек. Тестті сол күйінше жаттау – білім болмайды. Мен сіздерге сенем», – деді министр.

 Асхат Қанатұлы ата-аналарды балаға сенуді, өз уайымын балаға сездіріп, дегбірін қашырмай, керісінше ҰТБ-ны жақсы тапсыратынына сенім білдіріп, арқаландыруға шақырды. 

 Сондай-ақ министр ұйымдастырушыларға балаларға барлық жағдайды жасап, ілтипатпен қарауды ұсынды. Дегенмен, тиым салынған барлық заттар алынатынын да ескертті.

 Министр грант бұрынғыдай техникалық мамандықтарға көп бөлінгенін айтты. Дегенмен, гуманитарлық ғылымдар мен инклюзив білім беретін мамандар даярлауға да көп көңіл бөлінеді деді.

 Баланың білімін тест арқылы бағалаудың дұрыс-бұрыстығы туралы сынға министр былтырдан бері аттестат алу сынағы мектепте өтіп, түлектер диктант, эссе, жазып, ауызша жауап беретін айтты. Яғни, талай жылғы сұранысты осылай қанағаттандырған. Адам факторын азайту үшін жоғары оқу орнына емтихан тапсыру тест түрінде қалды.

 Сондай-ақ министр әкімдерге мектеп рейтингін ҰТБ нәтижесімен байланыстырмауды сұрады.

Тест нәтижесін Telegram қосымшасы арқылы былтырғыдай білуге болатынын естеріңізге саламыз. 

Видеоның дереккөзі: https://www.facebook.com/primeminister.kz/videos/458789888280427/

-----------------------------------------------------------------------

Министр Асхат Аймагамбетов пожелал абитуриентам удачи и посоветовал довериться себе при сдаче ЕНТ. Смотрите его выступление с пресс-конференции. 

Сегодня состоялся брифинг, где министр Асхат Аймагамбетов ответил на вопросы журналистов о предстоящем ЕНТ.

Министр пожелал удачи выпускникам: «ЕНТ — очень важный экзамен и тем не менее это рутинный процесс. Самое главное — не переживайте. Вы уже сдавали тестирование и не раз, а в школе получили все необходимые знания. Перед тестами надо хорошо выспаться и постараться абстрагироваться от того, что вас ожидает», — обратился он к абитуриентам. Также министр отметил, что телефон и шпаргалки создадут дополнительный стресс — абитуриент будет думать, как пронести и как использовать их во время тестирования. «Надо довериться самому себе. По своему опыту знаю, что готовиться надо по программам. Подготовка по тестам — заранее проигрышный вариант. Я верю в вас!», — подытожил свое обращение к абитуриентам министр.

Асхат Канатович призвал родителей довериться детям, не передавать им свое волнение, а наоборот — постараться подбодрить и убедить в том, что они хорошо справятся с тестированием. 

Также министр отметил, что перед организаторами ЕНТ поставлена задача создать доброжелательную и комфортную для детей обстановку. При этом он отметил, что при проверке на входе перед тестирование все запрещенные предметы будут изымать.
Глава Ведомства упомянул, что большинство грантов, как и в прошлом году, выделены на технические образовательные программы. При этом не остались без внимания и гуманитарные науки, и подготовка специалистов по инклюзивному обучению.

Критикующим оценку знаний выпускников одним лишь тестом министр ответил, что с прошлого года выпускники получают аттестат по старой схеме: пишут диктанты, эссе, устно отвечают и решают контрольные. Тем самым были удовлетворены просьбы объективно оценивать знания выпускников. Формат ЕНТ в качестве вступительных экзамены в вузы был предложен, чтобы минимизировать влияние человеческого фактора.

Также министр призвал акимов не проводить рейтинг школ по результатам ЕНТ. 

Напомним, что результаты тестирования, как и в прошлом году, можно будет узнать с помощью мессенджера Telegram.

Просмотров: 245

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Президент Республики Казахстан

Персональная страница Первого Президента

Директор Курленя А.Ю.

Опрос

Как Вы относитесь к внедрению электронного дневника Күнделік

Голосовать


Статистика

  • За месяц359
  • За неделю103
  • Вчера4
  • Сегодня31
  • Онлайн:0