Меню KDT
МЕНЮ
Меню сайта

Бет атауы

Рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша «Менің ауылым, менің Отаным» республикалық акция аясында 5- сынып оқушыларының арасында өткен «Отан-оттан да ыстық» атты шығармашылық конкурсы.
Мақсаты: өсіп келе жатқан өскелең ұрпақтың бойынан Отанға деген сүйіспеншілік, өз жеріне, еліне деген отансүйгіштік қасиеттерге баулу, сурет көрмесіне қатысу арқылы өз бойларындағы өнерге деген қызығушылықтарын арттыру.
Мерзімі: ақпан айы, 2022 жыл
Жауапты мұғалімдер: Көпбасова Б.Ш., Каменова Г.С.
Сурет көрмесіне 5 «Б», 5 «В» сынып оқушылары өз жұмыстарын ұсынды. Барлық жұмыстар өте қызықты болды. Бірақ, осы жұмыстардың ішінен: Сафаргалеева Лилия, Хотемская Карина, Погорелов Данил,Лукин Матвейдің, Синицына Полинаның, Гасанов Русланның,Садыков Даниалдың, Михайлова Варвараның,Морозова Софияның,Кириллова Марияның шығармашылық жұмыстары көзге түсті.




2022 жылғы қыркүйек айының 5 жұлдызында Қазақстан халықтарының тілдері күні және ұлт жанашыры Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай Мұрат Айтхожин атындағы №1 орта мектебінде қазақ тілі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 5-6 сыныптар арасында «Тіл – әр халықтың байлығы» атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Сайысқа 5 және 6 сынып оқушыларынан барлығы 18 оқушы қатысты. Оқушылар тіл туралы Мағжан Жұмабаев, Қадір Мырза Әлі, Тұманбай Молдағалиев, Шөмішбай Сариев және т.б. майталман ақындардың өлеңдерін жоғары деңгейде мәнерлеп жатқа айта білді. Сайыс нәтижелері бойынша:
5 – сыныптар: I орын – 5 «Б» сынып оқушысы Каконин Никита
II орын – 5 «Б» сынып оқушысы Столбова Александра
5 «Б» сынып оқушысы Шачнев Данил
III орын – 5 «Б» сынып оқушысы Байкенова Каролина
5 «Б» сынып оқушысы Столбов Дмитрий
5 «Б» сынып оқушысы Карасёва Софья
6 – сыныптар: I орын – 6 «А» сынып оқушысы Грозная София
II орын – 6 «В» сынып оқушысы Кунакова Дарина
6 «В» сынып оқушысы Серік Алмат
III орын – 6 «А» сынып оқушысы Башев Вячеслав
6 «В» сынып оқушысы Денисова Наталья
6 «А» сынып оқушысы Вилкова Варвара
Жеңімпаздарды жеңісімен құттықтай отыра, алдағы оқу жылына сәттілік тілейміз!
Жауапты мұғалімдер: Майсеитова З.Ш., Махамаджанова М.Т., Омарова А.А., Копбасова Б.Ш.

Тілдер апталығына орай 7- қыркүйек күні Мұрат Айтхожин атындағы №1орта мектебінің 7 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиетінен «Сөзмерген» ойын сабағы өтті. Іс-шараны 7-сыныптардың мұғалімдері Жаманова Р.Ж. мен Жалаушина Ж.А. ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты: оқушылардың білімдерін пысықтау, шешендік өнерге баулу, сөздік қорларын молайта отырып, ойын жүйелі де, еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру. Іс-шарада оқушылар екі топқа бөлініп сайысты. Сайыс 5 кезеңнен тұрды.
1. «Сәлем-сөздің айнасы». Танысу.
2. «Мықты болсаң, тауып көр». Жұмбақ шешу.
3. «Жүйрік болсаң, шауып көр. Ойлы болсаң, озып көр».
Дұрыс жауап беру.
4. «Анаграмма» шешу.
5. «Құпиялы қобдиша». Тапсырмаларды орындау.
6. «Сөздік» ойыны.
«Сөзмерген» ойын сабағы қызықты өтті, оқушылар өткен сыныптағы білімдерін еске түсірді. Ойын сабағы оқушылардың көңілінен шықты..

Сауалнама

Статистика

  • Осы айда398
  • Осы аптада100
  • Кеше17
  • Бүгін0
  • Желіде:0







Пайдалы сілтемелер