Меню KDT
МЕНЮ
Меню сайта

Психолог кабинеті

«Сенім жәшігі»  дегеніміз не? 
 

Онымен қалай қолдануға болады? Сұраққа қалай жауап алады?

Егер сізді достыққа, отбасындағы қарым – қатынасқа, сыныптағы  қарым – қатынасқа,  мұғалімдермен арақатынасқа байланысты мәселе мазалап жүрсе – бұл ақпарат сіз үшін. Бізге хат жазыңыз!

Біз өз тарапымыздан хат алмасуды құпия ұстаймыз.



​​​​​​​

«Сенім телефоны» деген не?


 

Әр адамның өмірінде шешімі жоқ сияқты жайсыз жағдаяттар, өмірге деген қызығушылығы мен мағынасын жоғалтақан сәттер болады.

Орындалмаған армандарымызды, махаббаттан түңілгенде, жалғыздықты, ата -анамызбен түсінбеушілікті  қатты қайғырамыз.

Озбыр мінезді боламыз, не болмаса, күйзеліске түсіп,  тұйықталып қаламыз. 

Осы сәтте басқа адамның ақылақтық жәрдемі, жанашырлығы мен түсінушілігі керек.  Бұл қолдауды психологиялық көмек бойынша сенім телефоны арқылы шұғыл қызмет көрсетеді.

Егер сенім телефоны номерін терсеңіз, сізге келесі  қызметтер көрсетіледі:

- кеңесшімен сөйлесе аласыз, себебі, өзіңді мазалап жүрген мәселе туралы жақыныңнан гөрі, бөтен адаммен бөліскен жеңілірек болады;

- Қоңырау шалу жасырын және құпия  (Сізден аты – жөніңізді немесе оқу орныңызды айтуды  сұрамайды, өзіңіз туралы не айтқыңыз келсе, соны ғана айтасыз, тіпті ол ақпаратты да ешкім  ешқашан білмейді);

- Сіздің телефон номеріңіз анықталмайды, әңгімелесу жазылмайды;

- Сенім телефонының кеңесшілері сіздің жан күйзелісіңізден құтылуға, мәселені өздігінен түсінуге және қиын жағдайдан құтылу жолын табуға  көмектеседі.

Сауалнама

Статистика

  • Осы айда398
  • Осы аптада100
  • Кеше17
  • Бүгін0
  • Желіде:0







Пайдалы сілтемелер