Меню KDT
МЕНЮ

logo.png?_=1558301461

"Солтүстіқ Қазақстан облысы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Петропавл қаласы білім бөлімі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі  "Мұрат Айтхожин атындағы №1 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Жаңалықтар

    ҚР БҒМ жұмыс берушілерден ата-аналарды қызметінен ерте босатуды сұрайды

    ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшідинова жұмыс берушілерден жиналыс күні балалары мектепте оқитын ата-аналарды жұмыстан ерте босатуды сұрады, — деп хабарлайды Studentmedia.kz.

    15 мамыр – Халықаралық отбасы күні. Осыған орай, еліміздің түкпір-түкпірінде 15 мамыр күні ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы өтеді. Жиын мектепте оқитын баласы бар және мектептердің қазіргі жағдайына бей-жай қарамайтын әрбір қазақстандық отбасыға қызықты болуы керек. ҚР Білім және ғылым министрі ата-аналарды жиналысқа қатысуға шақырса, жұмыс берушілерден оларды сол күнгі қызметінен ертерек босатуды өтінді. Бұл  туралы ҚР БҒМ баспасөз хабарламасында айтылған. 

    «Ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы күні ата-аналар мектепке келіп, мектеп басшыларымен, сынып жетекшілерімен және мұғалімдерімен кездесіп, мазалап жүрген сауалдарға мардымды жауаптар алу мүмкіндігіне ие болады.

    Құрметті ата-аналар, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі Сіздерді аталмыш іс-шараға қатысуға шақырады.

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшідинова ата-аналар балалары оқитын мектепке үлгеру үшін жұмыс берушілерден осы күні қызметкерлерді жұмыстан ерте босатуды сұрайды«, — делінген баспасөз хабарламасында. 

    17.05.2019
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Пайдалы сілтемелер