"Солтүстіқ Қазақстан облысы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Петропавл қаласы білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Мұрат Айтхожин атындағы №1 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мұрат Айтхожин атындағы № 1 мектепте қазақ ақыны, жазушы, ағартушы-педагог, Алаш орда үкіметінің белді басшыларының бірі Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толуы қарсаңында 8 сыныптар арасында «Міржақып Дулатов – «Оян, қазақ!» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайыста қатысушылар жақсы дайындықтарын көрсетіп, Міржақып Дулатұлының өлеңдерін жоғары деңгейде айтып берді. Нәтижесінде 8 «А» сынып оқушылары Мельников Денис 1 орын алса, Тришина Дарья 2 орынды иеленді, ал 8 Б сынып оқушысы Доценко Екатеринаға 3 орын бұйырды.